Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – жауапты міндет

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – жауапты міндет

15.04.2026 15:36:52 328

Аймақ әкімдігінде облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық тақырыбында отырыс өтті. 6 сәуірден бастап ресми түрде өрт қаупі кезеңі басталды, бұл кезең қазан айына дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта орман күзетінің кадрлық құрамы күшейтілді. Үш жыл бұрын 825 адам болған, қазір 1 242 адамға дейін немесе 51%-ке өсті. Орман мекемелерінің техникамен қамтамасыз етілуі 76%-тен 90%-ке дейін артты. Үш жыл ішінде 51 өрт сөндіру машинасы, 86 трактор, 36 шағын орман өртін сөндіру кешені және 65 автокөлік сатып алынды. Жыл сайын тәулік бойы бақылау жүргізетін камералардың саны артып келеді. Орман өртінің орташа аумағы 11,4 гектардан 4,6 гектарға дейін төмендеп, 2,5 есеге азайды.

«Қазір жаңа өрт қаупі кезеңі басталып келеді. Мамыр айынан бастап дәстүрлі түрде ормандарға барушылар саны да артады. Орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын есте ұстаған жөн. Тәуекелді азайтып, өрттің туындауына жол бермеу – ортақ міндетіміз. Әрқайсымыздың үнемі үйде, көшеде, орманда өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтағанымыз маңызды», – деді аймақ басшысы.

Жиында Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Назарали Селимов, облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Гүлжанат Керібаева,  Әулиекөл ауданының әкім Жансұлтан Тәукенов, Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев өрт қаупі кезеңіне әзірлік жұмыстарына қатысты баяндама жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1201344?lang=kk