Эль-Сальвадор Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды
16.04.2026 18:20:27 310
Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасында аккредиттелген Эль-Сальвадор Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрий Павел Сантакрусты сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыру рәсіміне орай қабылдады.
Кездесу барысында Е.Ашықбаев Елшінің қызметі екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Эль-Сальвадор Елшісі екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ БҰҰ жүйесі шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділігін растады.
Тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздері, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Елдеріміз арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1201923?lang=kk