Ұзынкөл ауданында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

Ұзынкөл ауданында жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді

16.04.2026 18:20:43 242

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында жыл басы жағымды жаңалықпен басталды. Аудан орталығында 18 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 267 адам тіркелген. Олардың басым бөлігін аз қамтылған және көпбалалы отбасылар құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтуға ерекше мән берілуде.

Аталған тұрғын үй Ұзынкөл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынған. Жаңа нысанның пайдалануға берілуі ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Қазіргі таңда тоғыз отбасы жаңа пәтерлеріне қоныстанып, заманауи тұрғын үйдің барлық мүмкіндіктерін пайдалануда. Қалған пәтерлер де жақын уақытта өз иелерін табады деп күтілуде.

Тұрғын үй құрылысы бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1201810?lang=kk