Депутаттар теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысты

Депутаттар теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысты

17.04.2026 18:21:33 207

  Ақсай қаласындағы теміржол вокзалының  жөндеу жұмыстарымен танысу мақсатында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы ұйымдастырылды.

  Комиссия жұмысына мәслихат төрағасы К.Ермекбаев, аудан әкімінің орынбасары М.Нурмаков, облыстық және аудандық мәслихатының депутаттары, «Қазақстан» теміржол вокзалының директоры Б.Темиргалиева қатысты. Депутаттар жөндеу жасап жатқан мердігер «Альтаир» ЖСШ учаске бастығымен кездесіп, жұмыс барысымен  танысты.

  Қазіргі таңда «Қазақстан» теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Вокзал ғимараттарының сырты және іші жаңартылып, күту залдары, билет сату орындары, шатырды ауыстыру және сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар, инженерлік желілер, жолаушыларға арналған платформалар, поездардың кірме жолдары, жаяу жүргіншілер көпірі жаңартылып, ағымдағы жөндеуден өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1203521?lang=kk