Қазақстан СІМ басшысы Анталия дипломатиялық форумы аясында ТМҰ СІМ кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан СІМ басшысы Анталия дипломатиялық форумы аясында ТМҰ СІМ кеңесінің отырысына қатысты

19.04.2026 08:04:48 258

Анталия, 2026 жылғы 18 сәуір – 5-ші Анталия дипломатиялық форумы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ТМҰ СІМК) бейресми отырысына қатысты.

Отырыс барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды ушықтырмау жөніндегі күш-жігерді талқылады. Министрлер өңірдегі жағдайдың одан әрі дамуы және оны тұрақтандырудың ықтимал жолдары жөнінде пікір алмасты.

Өз сөзінде Е. Көшербаев Қазақстан Республикасының бейбіт бастамаларды ілгерілетуге бейілділігін атап өтіп, Қазақстан қақтығыстарды тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге табанды түрде шақыратынын мәлімдеді. Осы тұрғыда Қазақстан келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін тағы да растады.

Сонымен қатар министр ағымдағы жылдың мамыр айында Түркістан қаласында өтетін ТМҰ-ның бейресми саммиті ұйымның рөлін одан әрі нығайтуға жаңа серпін беріп, ынтымақтастықты тереңдетуге және қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін шоғырландыруға ықпал ететінін атап өтті.

Осы тұрғыда сұхбаттасушылар ТМҰ-ның институционалдық дамуының келешек мәселелерін де талқылады.

Форум аясында ҚР Сыртқы істер министрі Люксембург Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер және сыртқы сауда, сондай-ақ даму мақсатындағы ынтымақтастық және гуманитарлық істер министрі Ксавье Беттельмен, Боливия СІМ басшысы Ф. Арамайо Карраскомен, Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Кястутис Будриспен, Гвинея-Бисау СІМ басшысы Жоау Бернарду Виейрамен және ЕО-ның Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Кайса Оллонгренмен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1203826?lang=kk