Азаматтардың жеке өтініштері назарда

Азаматтардың жеке өтініштері назарда

20.04.2026 09:37:36 247

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін көтерді.

Жеке қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесі жеке қаралып, тиісті сала мамандарымен бірге талқыланды. Тұрақты жұмыс сұраған азаматтарға мамандықтарына сәйкес бос жұмыс орындары ұсынылып, қоғамдық жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері қарастырылатыны айтылды.

Диас Асылбекұлы жауапты бөлімдерге тұрғындардың өтініштерін заң шеңберінде қарастырып, тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1203959?lang=kk