Облыс әкімі спортшылармен кездесті
21.04.2026 17:54:43 296Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов халықаралық жарыстарда аймағымыз бен еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылармен кездесті.
2026 жылдың басы Қостанай спорты үшін нәтижелі болды. Біздің спортшыларымыз халықаралық деңгейде жоғары дайындық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсетіп, лайықты өнер көрсетуде. Атап айтқанда, 5 спортшымыз Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты. Жерлестеріміз бокс, дзюдо, велоспорт, пара пауэрлифтинг бойынша Азия және Еуропа чемпионаттарында жеңістерге қол жеткізді.
Облыста кадрлық әлеует пен спорттық резервті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 1 спортшы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 9 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 29 спортшы ҚР спорт шебері, сондай-ақ 3 спортшы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өңірде 64 дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді, оның 16-сы соңғы 3 жылда салынған. Атқарылған жұмыстардың барлығы спортшыларымызға жоғары белестерді бағындырып, халықаралық ірі жарыстарда еліміздің намысын лайықты қорғауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1205644?lang=kk