Әкімдік отырысы: соңғы 3 жылда 30-дан астам спорт нысаны салынды

Әкімдік отырысы: соңғы 3 жылда 30-дан астам спорт нысаны салынды

21.04.2026 18:24:19 333

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында облыс әкімдігінің отырысы өтті.

Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта бұқаралық спортпен айналысатын азаматтардың ең көп үлесі  жастар мен ересектерге тиесілі. Облыста спорттың 18 түрімен 69,5 мың бала мен жасөспірім айналысады. 

Облыста жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны артып келеді. Соңғы 3 жылда 30-дан астам нысан салынды: 16 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 6 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат манежі және бассейн. Облыс орталығында триатлон паркі ауданында көпфункционалды стадион салынуда. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы келісімге қол жеткізілді. «Астана» шағын ауданында Спорт сарайының құрылысы басталады. Арқалық қаласында жабық хоккей корты салынады, ал «Самұрық-Қазына» қоры көпфункционалды дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызады. Соңғы 3 жылда облыста 80-нен астам спорт алаңы салынды.

«Спорттық инфрақұрылым – бұл жай ғана нысандар емес. Бұл – қоғам денсаулығына және облысымыздың болашағына салынған инвестиция», – деді облыс әкімі.

Облыстың 121 спортшысы қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының құрамына енген. Біздің спортшыларымыз халықаралық дәрежеде облысымыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп келеді. Облыстың бес спортшысы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысты. Сонымен қатар, жерлестеріміз бокстан, велоспорттан және пара пауэрлифтингтен Азия чемпионаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

«Президент айтқандай: «Әрбір азаматтың жетістігі – бүкіл Қазақстанның жетістігі, әрбір спортшының абыройы – халқымыздың беделі». Егер біз айқын нәтижелерге қол жеткізіп, спортшыларымыздың спорттағы жоғары жетістіктері мен табысты өнер көрсетуін қаласақ, аудан мен қала деңгейінен бастап кешенді тәсіл мен жүйелі жұмыс қажет. Біз әр өңірдің спорттық дайындық деңгейін көтеру арқылы ғана болашақта облысымыз бен мемлекетіміздің беделін арттыра аламыз», – деді аймақ басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1205660?lang=kk