Мемлекеттік қызметтің құндылықтарын ілгерілету және оқушылар арасында ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында Қостанай облысының әкімдігінде Қостанай қаласы мектептерінің оқушыларымен іс-шара өткізілді.

Мемлекеттік қызметтің құндылықтарын ілгерілету және оқушылар арасында ерте кәсіптік бағдарлау мақсатында Қостанай облысының әкімдігінде Қостанай қаласы мектептерінің оқушыларымен іс-шара өткізілді.

22.04.2026 18:31:14 224

Іс-шара аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған тұлғалар, табысты жас мемлекеттік қызметшілер, тиісті салаларда жұмыс істейтін Өңірлік кадр резервінің мүшелері, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі, сондай-ақ Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі шақырылды.

Іс-шара оқушылардың мемлекеттік органдардың жұмысы туралы хабардарлығын арттыру, мемлекеттік қызмет туралы неғұрлым толық түсінік қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1206170?lang=kk