Қазақстан мен БҰҰДБ алдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қазақстан мен БҰҰДБ алдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

23.04.2026 20:26:11 295

Астана, 2026 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолян Сюймен кездесті.

Кездесу барысында Е.Көшербаев Қазақстанның БҰҰДБ-мен ынтымақтастығының маңыздылығына тоқталып, оның орнықты даму басымдықтарын іске асырудағы және өңірлік өзара іс-қимылды нығайтудағы рөлін жоғары бағалады.

Сондай-ақ сыртқы саяси ведомствоның басшысы БҰҰДБ-ға ӨЭС-ті ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, ұйымның су ресурстары, экология және климаттық күн тәртібі бойынша өңірлік диалогты ілгерілетудегі елеулі үлесін атап өтті.

Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ өңірлік орталығының желісі бойынша үйлестіруді дамыту мәселелері мен өңірлік синергияны күшейтуге бағытталған Алматыда БҰҰДБ-ның субөңірлік кеңсесін құру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында БҰҰДБ-ның Қазақстан үшін 2026-2030 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы, Арал теңізінің жай-күйі мен БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құруды қоса алғанда, су ресурстарын басқару мәселелері, сондай-ақ сондай-ақ ҚР бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған 2026 жылғы Орнықты даму мүддесі үшін халықаралық еріктілер жылы шеңберіндегі бірлескен жұмыстары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ортақ мақсаттарға қол жеткізу мүддесінде әріптестікті дамытуды жалғастыру ниетін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1207446?lang=kk