Қазақстан Бразилияның Орталық Азиямен ынтымақтастық бастамасын қолдайды

Қазақстан Бразилияның Орталық Азиямен ынтымақтастық бастамасын қолдайды

24.04.2026 08:35:28 337

Бразилиа қ., 2026 жылғы 23 сәуір – Қазақстан Республикасының Елшісі Б.Нүсіпов Бразилияның Жоғарғы соты мен Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Бразилия + Азия: қазіргі жағдайы мен перспективалары» атты 2-ші семинарға қатысты. Сонымен қатар іс-шараға федералдық үкіметтің, сот және құқық жүйесінің, заң қауымдастығының, сондай-ақ Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Алғыс сөздер және баяндамалармен Бразилия Жоғарғы сотының төрағасы, сот Герман Бенжамин, Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары, Елші Сюзан Клибанк және Индонезияның Бразилиядағы Елшісі - АСЕАН елдері тобының жетекшісі Андика Криснаудато сөз сөйледі.

Өз сөзінде Елші Қазақстанның өңірлік өзара іс-қимылды тереңдетуді және Бразилиямен әріптестікті кеңейтуді, соның ішінде БРИКС аясында, дәйекті түрде қолдайтынын атап өтті. Бұл бағыт тұрақты әрі теңгерімді әлемдік тәртіпті қалыптастыруға маңызды үлес ретінде қарастырылады. Су, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін бірлесіп шешуге ерекше назар аударылып, Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарының № 6-ын іске асыруға үлес ретінде «Дүниежүзілік су ұйымын» құру бастамасын ілгерілетіп отырғаны атап өтілді.

Сондай-ақ сөз барысында 2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммиттің күн тәртібі таныстырылды. Аталған іс-шараға халықаралық сарапшылар, саясаткерлер және іскерлік орта өкілдері, соның ішінде Бразилия мен Чили делегациялары қатысуда.

Семинар барысында екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бастамалар, халықаралық алаңдарда ұстанымдарды үйлестіру, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар халықаралық көлік дәліздерін пайдалану және цифрлық технологияларды ілгерілету аясындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл тақырыптары қарастырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1207503?lang=kk