Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту
24.04.2026 16:23:41 136
Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Осы мақсатта, Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы бірінші сатылы сотта мемлекеттік айыпты қолдау аясында есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаумен айналысқаны үшін ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған тұлғаға қатысты қаралған қылмыстық іске көрме процесін өткізді.
Бұл іс-шараға арнайы колледж студенттері қатыстырылып, оларға есірткімен айналысу салдары және оның жауапкершілігі түсіндірілді.
Осылайша, жастардың арасында құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларды теріс жолдан сақтау бағытында профилактикалық жұмыстар Тұран ауданы прокуратурасымен үнемі жүргізілуде.
Шымкент қаласының прокуратурасы