„Аманат“ және „Ауыл“ партияларының өкілдерімен кездесу
24.04.2026 17:57:56 105
2026 жылдың 23 сәуірінде Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы «Аманат» және «Ауыл» партиясының өкілдерімен кездесу өткізді. Каскадты оқыту жоспары аясында ұйымдастырылған іс-шара алдағы маңызды саяси науқандарға дайындыққа арналды.
Кездесу барысында, саяси ұйымның сайлау процесіндегі құқықтары мен міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Алдағы Құрылтай кезінде ашықтықты қамтамасыз ететін бақылаушыларды оқыту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру жолдары талқыланды.
Сайлау комиссиясы мен саяси партиялар арасындағы мұндай тікелей байланыс сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1208252?lang=kk