Мәскеуде ағымдағы халықаралық жағдайында ШЫҰ қызметінің қазіргі жағдайдағы мәселелері талқыланды

Мәскеуде ағымдағы халықаралық жағдайында ШЫҰ қызметінің қазіргі жағдайдағы мәселелері талқыланды

24.04.2026 17:58:09 150

Мәскеу, 2026 жылғы 24 сәуір – Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық қызметі және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде консультациялар өтті.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бакаев басқарды.

Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі халықаралық жағдай жағдайында өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ ШЫҰ шеңберіндегі көпсалалы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

ШЫҰ қызметін жетілдіруге бағытталған уағдаластықтарды одан әрі іске асыруға, сондай-ақ Бішкектегі Мемлекет басшыларының саммитіне дайындықты қоса алғанда, 2026 жылы өткізілетін биік және жоғары деңгейдегі кездесулерді мазмұнды толықтыруға ерекше назар аударылды.

Ә.Бақаев халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттары мен нормалары негізінде өңірдегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі әлемдік күш-жігерге Қазақстанның қолдау білдіргенін, сондай-ақ Еуразияда бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды қамтамасыз етудегі ШЫҰ-ның артып келе жатқан рөлін атап өтті.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208219?lang=kk