❓ 100% шегерім қолданылған кезде амортизациялық аударымдар бойынша шегерім жасауға бола ма?
24.04.2026 18:05:25 169
Салық кодексіне сәйкес, тіркелген активтер бойынша шегерімдерге амортизациялық аударымдар жатады.
Алайда, инвестициялық салық преференциялары қолданылған активтер бақылау кезеңінде тіркелген активтер ретінде танылмайды.
Сондықтан, егер негізгі құрал бойынша 100% шегерім түріндегі инвестициялық преференция қолданылса, онда осы объект бойынша амортизациялық аударымдарды шегерімге жатқызуға жол берілмейді.
Яғни, бір объект бойынша екі рет шегерім қолдану қарастырылмаған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1208287?lang=kk