ПРЕСС-АНОНС
24.04.2026 18:05:26 147
25 сәуір күні «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында челлендж элементтері қамтылған «Таза аула» флэшмобы өтеді.
Іс-шараның мақсаты — тұрғындардың тазалық, абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне назарын аудару. Флэшмоб аясында қатысушыларға аулаларда, үй маңындағы аумақтарда және іргелес учаскелерде тазалық жұмыстарын жүргізу, содан кейін бастаманы қолдауға шақыра отырып, эстафетаны достарына, көршілеріне және әріптестеріне жолдау ұсынылады.
«Таза аула» челленджі — ортақ іске жеке үлес қосуға, экологиялық жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге және таза, жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру жолында тұрғындарды біріктіруге мүмкіндік береді.
Челленджді достарыңызға, көршілеріңізге, туыстарыңызға жолдаңыздар, бірлесе күш жұмсау арқылы ауылымыз бен ауданымызды таза ете аламыз!
Аудан тұрғындарын, еңбек ұжымдарын, жастарды және аға буын өкілдерін 25 сәуір күні өтетін «Таза аула» флэшмобына белсенді түрде қосылып, ортақ үйімізді бірге таза етуге шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1208284?lang=kk