Топырағы торқа, жаны жәнәтта болсын!

Топырағы торқа, жаны жәнәтта болсын!

24.04.2026 18:37:51 198

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар басқарған облыстық салық қызметінің ардагері

 Теңбай Сапиоллаұлы Ибраев

өмірден озды.

Оның бүкіл өмірі таңдаған ісіне шексіз берілгендік пен адамдарға қызмет ету болды. Ол адамдарға әрдайым сезімтал, жанашыр өте мейірімді болды.

Теңбай Сәпиоллаұлы белсенді азаматтық ұстанымымен сипатталды, оның үлкен беделі  өңірде танымал еді.

 Мемлекеттік кірістер департаментінің шаралар ардагерлер кеңесінін назарынан тыс қалған жоқ еді.

Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды адалдыққа, еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші еді.

Орны толмас ауыр қазаға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтып, қайғыларына ортақтасамыз. Теңбай Сапиоллаұлының  жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!



Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  органдарының

ардагерлер кеңесі

Ақмола облысы бойынша МКД ұжымы

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1208317?lang=kk