Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 34 – сессиясы өтті
24.04.2026 19:23:35 178Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 34 – сессиясы К.Т.Ермекбаевтың төрағалығымен өтті.
Сессияда, «2025-2027 жылдарға арналған Бумакөл, Кеңтүбек ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру туралы» мәселе бойынша ауыл әкімдері баяндама жасап, тиісті шешім қабылданды.
Депутаттар, коммуналдық мүлікті мүліктік жалдағаны (жалға алғаны) үшін жалға алу төлемақысының мөлшерлемесі туралы мәселесі бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Шамгонованың баяндамасын талқылап, өздерінің келісімін берді.
Сонымен қатар, Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, талқыланды.
Мәслихат депутаттары аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссия құрамын бекітіп, жер комиссиясының құрамына, Бөрлі аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізді.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Д.Б.Имашев, Батыс-Қазақстан облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, Ақсай қаласы мен ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия барысы Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1208414?lang=kk