2026 жылға салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері: салық төлеушілер нені білуі маңызды

2026 жылға салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері: салық төлеушілер нені білуі маңызды

27.04.2026 13:19:27 321

2026 жылға салықтар мен міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері: салық төлеушілер нені білуі маңызды

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеудің негізгі мерзімдері туралы еске салады. Салық міндеттемелерін уақтылы орындау өсімпұл есептеуді және әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануды болдырмауға мүмкіндік береді.

Ай сайынғы төлемдер

20-сынан кешіктірмей:

- Акциздер (400.00-нысан);

- Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан).

25-інен кешіктірмей:

- Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы (КТС) (101.03, 101.04-нысандар);

- КТС бойынша аванстық төлемдер (101.02-нысан);

- Жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық (200.00-нысан);

- Бейрезиденттердің табыстарынан алынатын ЖТС (200.02-нысан);

- Арнаулы салық режимдері бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер (910.00, 920.00-нысандар).

Тоқсандық төлемдер

Төлеу мерзімдері жылына төрт рет келеді: 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешіктірмей. Оларға мыналар жатады:

- Қосылған құн салығы (ҚҚС) (300.00-нысан);

 Ойын бизнесі салығы (710.00-нысан);

- Мүлік салығы (ағымдағы төлемдер) (701.01-нысан);

- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (851.00-нысан);

- Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (860.00-нысан);

- Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (870.00-нысан);

- Цифрлық майнинг үшін төлемақы (880.00-нысан);

- Пайдалы қазбаларды өндіру салығы және жер қойнауын пайдаланушылардың өзге де төлемдері (590.00-нысан);

- Міндетті аударымдар мен төлемдер (641.00-нысан);

- Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша төлемдер (500.00-нысан);

- Салық міндеттемелерін заттай нысанда орындау (531.00-нысан).

Жылдық салықтар және өзге де мерзімдер

  • әуірден кешіктірмей:

- КТС (100.00, 110.00, 150.00-нысандар);

-Бейрезиденттердің төлем көзінен алынатын КТС (101.04-нысан);

- Кәсіпкерлік қызмет бойынша ЖТС (220.00-нысан);

- Көлік, жер және мүлік салығы (700.00-нысан);

- Жер қойнауын пайдалануға балама салық (600.00-нысан);

- Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері және заттай нысандағы міндеттемелер (531.00, 590.00-нысандар).

  • ілдеден кешіктірмей:

- Бейрезидент-жеке тұлғаның ЖТС-і (270.00-нысан).

  • ыркүйектен кешіктірмей:

- Кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан).

  • қазаннан кешіктірмей:

- Жеке тұлғалардың мүлік салығы.

Арнаулы салық режимдері (АСР)

- Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР (910.00-нысан): төлем 2026 жылғы 25 тамыздан және 2027 жылғы 25 ақпаннан кешіктірілмей жүргізіледі.

- Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР (920.00-нысан): төлем 2026 жылғы 10 қарашадан және 2027 жылғы 10 сәуірден кешіктірілмей жүргізіледі.

Қол қою бонусы

Төлем мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

- Конкурс жеңімпазы деп танылған немесе келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде;

- Лицензия берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінд;е

- Жер қойнауын пайдалану келісімшартына өзгерістер енгізілген кезде 20 жұмыс күні ішінде;

- Жер асты суларын өндіруге рұқсат алған күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге салық міндеттемелерін орындауды алдын ала жоспарлауды және төлемдерді уақтылы жүргізуді ұсынады. Мерзімдерге мұқият болыңыз!

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1209304?lang=kk