Салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету бойынша алдын ала шаралар туралы
27.04.2026 16:51:31 198
Салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету бойынша алдын ала шаралар туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындауды қамтамасыз ету мақсатында салық органдары алдын ала шараларды қолданады.
Салық кодексінің 80-бабына сәйкес, салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданар алдында салық органдары салық төлеушілерге хабарламалар, ақпараттық-ескерту сипатындағы хабарламалар және міндетті сипаттағы хабарламалар жібереді.
Хабарламалар салық берешегі белгіленген шекті мөлшерден аспаған жағдайда, сондай-ақ контрагенттермен жасалған операциялар бойынша тәуекелдер анықталған кезде жіберіледі.
Ақпараттық-ескерту сипатындағы хабарламалар камералдық бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде, операциялардың нақты жүргізілгенін растау қажеттілігі туындағанда, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда қалыптастырылады. Мұндай хабарламаларды орындау мерзімі, әдетте, 30 жұмыс күнін құрайды.
Міндетті сипаттағы хабарламалар салықтық тексерулер нәтижелері бойынша, салық заңнамасы бұзылған жағдайда, сондай-ақ салық берешегі белгіленген мөлшерден асқан кезде жолданады. Оларды орындау мерзімі, жекелеген жағдайларды қоспағанда, 30 жұмыс күнін құрайды.
Белгіленген мерзімде талаптар орындалмаған жағдайда, Салық кодексінің 84-бабына сәйкес өсімпұл есептеу, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтату, мүлікке билік етуді шектеу, электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтату, сондай-ақ интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеу сияқты қамтамасыз ету шаралары қолданылады.
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге келіп түсетін хабарламаларға уақтылы әрекет етуді және салық төлеушінің жеке кабинетінде ақпаратты тұрақты түрде тексеруді ұсынады.
Салық міндеттемелерін уақтылы орындау шектеу шараларын қолданудың алдын алып, қаржылық-шаруашылық қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1209543?lang=kk