Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.
28.04.2026 10:27:40 202
Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Үкімет пен қоғамның назарын сыбайлас жемқорлық мәселелеріне бірнеше рет аударды.
Осылайша, Президент Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүкіл қоғам болып жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырамыз. Бізге және ұрпағымызға ешкім сырттан келіп жарқын болашақты жасап бермейді».
Түркістан газетіне берген қаңтар айындағы сұхбатында Президент тағы да: Сыбайлас жемқорлықпен барлық деңгейде күресу мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Бұған қатысты ешқандай күмән тумауға тиіс».
2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен және Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж. Сюндиковпен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Бұл кеңеске Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлері қатысты.
Ұйымдастырушылар - облыс әкімінің аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.
Модератор: Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Сүйіндіков.
2026 жылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мерзімінің аяқталуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Сарапшылардың идеяларын, ойлары мен бастамаларын талқылау, жинау мақсатында Агенттіктің аумақтық департаменті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында түрлі сарапшылар топтарымен бірқатар диалог алаңдарын өткізеді.
Қатысушылар: ЖАО Әдеп жөніндегі уәкілдері, комплаенс-қызметтердің өкілдері (онлайн-форматта), ОМО аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдері, облыстық басқармалардың басшылары мен жауапты тұлғалары, азаматтық сектор өкілдері және мемлекеттік қызмет ардагерлері - тәлімгерлер.
Диалог алаңының спикерлері:
Абдрахманов Мэлс Бейбітұлы Қостанай облысы бойынша МҚІА департаменті басшысының орынбасары.
Моргунов Максим Валерьевич - Қостанай қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.
Попова Элина Николаевна - облыс әкімі аппаратының кадр қызметі жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істеген мемлекеттік қызмет ардагері-тәлімгер.
Донбаева Гүлнара Далибайқызы - "ҚЫЗМЕТ" мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы " ҚБ төрағасы.
Какимов Талғат Базарбайұлы - "КТЭК" МКК комплаенс-қызметінің басшысы.
Кистаубаева Карина Мирамовна - "Sweet City" ЖШС заң бөлімінің бастығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ekonomika-zhosparlau/press/news/details/1210124?lang=kk