Шымкент қаласында «Стоп граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шымкент қаласында «Стоп граффити» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

04.05.2026 18:11:09 142

Аталған шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ерікті жастармен бірлесіп, қала аумағында рейдтік жұмыстар жүргізуде. Заңсыз жазбалар анықталған орындарда олар жедел түрде жойылып, түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілуде.

Мұндай шаралар қоғамды зиянды ақпараттан қорғауға, жас ұрпақтың санасына теріс әсер ететін факторлардың алдын алуға бағытталған. Полиция азаматтарды қала тазалығын сақтауға және кез келген құқық бұзушылыққа бей-жай қарамауға шақырады.