ҚР ҰЭМ мемлекеттік функцияларды бизнес-ортаға беру тетігін жетілдіріп, мемлекеттік органдардың өкілеттігін кеңейтеді

ҚР ҰЭМ мемлекеттік функцияларды бизнес-ортаға беру тетігін жетілдіріп, мемлекеттік органдардың өкілеттігін кеңейтеді

05.05.2026 15:13:22 229

ҚР Ұлттық экономика министрлігі реттеуші саясаттың орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциясын бәсекелестік ортаға беру рәсімін қайта қарайтын консультативтік құжат жобасын дайындады. Сондай-ақ, құжат жекелеген өкілеттіктерді мемлекеттік басқару деңгейі арасында қайта бөлуді ұсынады. Құжат жобасы процестерді бюрократтықтан арылтып, мемлекеттік аппарат жұмысының жеделдігін арттыруды ескереді.

Мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға берудің қолданыстағы тетігі артық рәсіммен және көп сатылы келісумен сипатталады. Осыған байланысты кезең санын қысқарту ұсынылады. Атап айтқанда, егер шешімді Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған болса, оны басқа деңгейде қайта қарау талап етілмейді.

Бұдан басқа, «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимыл күшейтіледі. Палата бәсекелестік ортаға ұсынылатын функциялардың дерегін беріп отырады.

Жобада, сонымен қатар, Үкіметтің бірқатар функциясын салалық министрліктерге беру қарастырылған. Өзгерістер экология, ветеринария, энергия үнемдеу, денсаулық сақтау, мәдениет және басқа да салаға әсер етпек.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың функцияларды іске асыруға арналған функционалдық қызметін олардың күнделікті процестік әрекетінен ажырату үшін «бизнес-процесс» ұғымын заңнамалық деңгейде бекіту ұсынылады.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылды. Талқылау 2026 жылғы 1 маусымға дейін жалғасады.

Анықтама:
Құжат жобасы Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленді. Ұсынылған шаралар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға арналған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1214483?lang=kk