Шымкент қаласы, №98 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына арналған профилактикалық түсіндірме жұмыстары өткізілді.
06.05.2026 16:59:54 98
«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушыларға құқықтық тәртіптің маңыздылығы түсіндірілді. Кездесу барысында “Дроп, интернет алаяқтық, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында және қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздік талаптарын орындау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен қамтылды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.
#заңментәртіп