Парламент сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Парламент сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

09.05.2026 15:56:39 77

2026 жылғы 8 мамырдағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Түзетулер жобасын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды. Оның айтуынша, құжат сайлау науқаны барысында белгілі болған мәселелерді ескере отырып, сайлау заңнамасын жетілдіру үшін әзірленген.

Түзетулер арқылы әкімдерді сайлау кезінде қайта дауыс беру мәселесін реттеу, кандидатты ұсыну тәртібін нақтылау, сондай-ақ бір адамның бірнеше сайлау науқанына бір мезгілде қатысуын болдырмау ұсынылған.

Бұдан басқа, онлайн-кеңістікте сайлау алдында үгіт жүргізу, партиялық интернет-ресурстар мен әлеуметтік желіні пайдалану нормалары бар. Кандидаттардың сенімді тұлғаларына қойылатын талап, кандидаттарды қолдау үшін қол жинау тәртібі нақтыланған.

Түзетулер бойынша вахталық жұмыс орындарында және арнайы уақытша оқшаулау мекемелерінде сайлау учаскесін құру мүмкіндігі қарастырылады.

Серік Жұманғариннің айтуынша, ұсынылған нормаларды қабылдау сайлау процесінің ашықтығын арттыруға, қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және рәсімдердің сақталуына мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1216734?lang=kk