Өнеркәсіптің өңдеу секторының өсуі төрт айда 9,9%-ға жеделдеді

Өнеркәсіптің өңдеу секторының өсуі төрт айда 9,9%-ға жеделдеді

12.05.2026 08:32:24 244

Экономиканың өсу қарқыны төртінші ай жеделдеуде.

ҰСБ алдын ала дерегі бойынша, 2026 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның ЖІӨ өсуі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,6%. Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсу серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%)

Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң аймаққа шықты – нақты көлем индексі 102,1% болса, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 99,9%-ға төмендеу тіркелді.

Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторын жеделдету болып, онда өндіріс қаңтар-наурыздағы 8,5%-ға қарағанда 9,9%-ға өсті.

Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.

Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірісінде 2,3 есе, жиһаз өндірісінде 41,7%, фармацевтика өнімінде 35,2%, құрылыс материалдарында 27,7%, химия өнеркәсібінде 18,4%, тамақ өнімдерінде 14,4% өсу байқалады. Тау-кен өнеркәсібінде төмендеу сақталғанмен (92,7%), оның қарқыны бірінші тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай бәсеңдеді (88,6%). Бұл өндірістің біртіндеп қалпына келуін және мұнай секторының жалпы экономикалық динамикаға теріс үлесінің азаюын көрсетеді.

Тұтастай алғанда, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсу қарқыны мына салаларда тіркелді:

құрылыс-114,5%; көлік және қоймалау – 112%;

өңдеу - 109,9%;

сауда – 105,1%;

ауыл шаруашылығы-103,6.

Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсуінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1217363?lang=kk