Қазақстанда алғаш рет: AlmaU студенті Dual Award бағдарламасы бойынша ACCA халықаралық дипломының иегері атанды

Қазақстанда алғаш рет: AlmaU студенті Dual Award бағдарламасы бойынша ACCA халықаралық дипломының иегері атанды

12.05.2026 16:13:31 122

Almaty Management University (AlmaU) студенті Дарина Жанысбай ҚР ЖОО-дарының аккредиттелген бағдарламалары арасында Dual Award бағдарламасы бойынша ACCA-ның «Қаржы және бизнесті басқару» дипломының алғашқы иегері атанды. Бұл – бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласындағы ең беделді кәсіби жетістіктердің бірі.

ACCA біліктілігін алу осы саладағы кәсіби дамудың ең күрделі кезеңдерінің бірі болып саналады. ACCA қауымдастығы (Association of Chartered Certified Accountants) әлемнің 180-нен астам елінің мамандарын біріктіреді, ал оның дипломдары жетекші халықаралық компаниялар мен аудиторлық ұйымдар тарапынан мойындалады.

Дарина AlmaU университетінің School of Digital Technologies and Economics мектебінің «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті және халықаралық кәсіби стандарттарға сай жоғары дайындық деңгейін көрсете білді.

«Мен үшін ACCA дипломы – оған қаншалықты еңбекпен қол жеткізгенімді және өз мүмкіндіктерімді еске салатын маңызды жетістік. Ең алдымен, өзіме үлкен жүктемеге төтеп бере алатынымды және алға жылжи алатынымды дәлелдедім. Сонымен қатар, үш жыл оқу барысында екі диплом алу – кәсіби жолымның жақсы бастауы. Бұл емтихандар мен үшін үлкен сынақ болды әрі көптеген күрделі міндеттерді орындай алатыныма сенім берді», – деп бөлісті Дарина Жанысбай.

Даринаның жетістіктері қатарында: ACCA халықаралық «Қаржы және бизнесті басқару» дипломы; «Қаржылық менеджмент» пәні бойынша ACCA сертификаты; ACCA «Қаржылық есептілік» емтиханы бойынша Қазақстанда 66 балл нәтижесімен 1-орын.

AlmaU университетінде оқыту тәжірибеге бағытталған тәсіл мен халықаралық кәсіби стандарттарды білім беру процесіне интеграциялау негізінде жүзеге асырылады. Студенттер теориялық білім алып қана қоймай, оқу барысында халықаралық емтихандарды тапсыру арқылы бухгалтерлік есеп аудит және қаржы индустриясының нақты талаптарына дайындалады.

Бұл жетістік халықаралық стандарттар мен жаһандық кәсіби ортаға бағытталған қазақстандық мамандардың жаңа буынының қалыптасуын айқын көрсетеді.