Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақтар беру тәртібі өзгерді

Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақтар беру тәртібі өзгерді

22.05.2026 10:39:22 327

19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Осы заңды жүзеге асыру мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына толықтырулар әзірленді. Бұл өзгерістер оқуын тәмамдаған курсанттарға әскери атақ беру тәртібіне қатысты болып отыр.

Қазақстанның және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге бұдан былай «аға лейтенант» әскери атағы беріледі. Сонымен қатар, оларға қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығы берілмек.

Аталған нормаларды «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкестендіру үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлық жобасы дайындалды.

Мемлекет басшысы Жарлығының жобасы үздік түлектерге «аға лейтенант» әскери атағын берудің жаңартылған тәртібін заңды түрде бекітеді. Бұл заңнамалық жаңашылдық әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтып, курсанттардың оқуда және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасын арттыра түспек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1225948?lang=ru