Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуетін бағалады

Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуетін бағалады

22.05.2026 18:47:00 83

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Ілиясұлы Нүсіпов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында ол облыс әкімдігінің алаңында өңір тұрғындарымен және бизнес өкілдерімен кездесті, «Qyzyljar» креативті орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

​Іссапардың негізгі бөлігі өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын аралауға арналды. Вице-министр Петропавл электротехникалық зауыты, «Nord Panels» ЖШС, «ECO Glade» ЖШС, «Зеленый Север» жылыжай кешені және «Рим-КазАгро» қағаз өнімдері фабрикасының өндірістік қуаттарымен танысты.

​Кәсіпкерлермен өткен кездесулерде ішкі сауданы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары, салаға цифрлық шешімдерді енгізу және өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелері талқыланды.

​Сапар қорытындысы бойынша Әсет Нүсіпов Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсімін көрсетіп отырғанын және айтарлықтай инвестициялық әлеуетке ие екенін атап өтті.

Іске асырылып жатқан жобалар нақты нәтиже беруде: экспорттық өнім түрлері кеңейіп, жергілікті кәсіпорындардың ТМД елдері мен алыс шетел нарықтарындағы позициялары нығайып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

​«Сауда және интеграция министрлігі өңір бастамаларына жүйелі қолдау көрсетуге дайын. Біздің міндетіміз — табысты тәжірибелерді кеңейтуге көмектесу және қазақстандық өнімнің жаңа нарықтарға шығуын қамтамасыз ету», — деп түйіндеді вице-министр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1226720?lang=ru