Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады
02.07.2026 22:08:02 326Астана, 2026 ж. 12 маусым – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Таиланд Корольдігінің Елшісі Пияпин Нийомрерксті қабылдады.
Кездесу барысында тараптар қазақ-тай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ сауда, инвестиция, тасымалдау және логистика, цифрландыру, маңызды минералдар мен энергетика, электроника және озық өндіріс, сондай-ақ туризм салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Алдағы екіжақты іс-шаралардың кестесіне, оның ішінде Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі С.Пуангкеткеоның ү.ж. 24-26 маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1240289?lang=ru
