Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі
Конституция

Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі

08.07.2026 10:34:12 215

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд $ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 7,9% артқан.

Экспорт көлемі 24 млрд $, ал импорт көлемі 20,9 млрд $ құрады.

Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің қатарында 
Ресей (6,6 млрд $), 
Қытай (6 млрд $), 
Германия (1 млрд $), 
АҚШ (0,9 млрд $) және Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) болды.

Қазақстан экспортының негізгі бағыттары Қытай (4,9 млрд $), 
Италия (4 млрд $), 
Ресей (2 млрд $), 
Түркия (1,7 млрд $) және Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері болды.