KazAID ДРК саласы туралы хабардарлықты арттыруда

KazAID ДРК саласы туралы хабардарлықты арттыруда

10.07.2026 14:35:30 189

2026 жылғы 22 маусымда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері үшін «Халықаралық даму мақсатындағы ынтымақтастық саласындағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында дәріс өткізді.

Таныстыру іс-шарасы аясында дамуға ресми көмек (ДРК), донор елдер мен серіктес елдер, қазақстандық ДРК жүйесі, сондай-ақ KazAID-тің басымдықтары мен қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Бұдан бөлек, Агенттік өкілдері осы саладағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тетігі туралы айтып берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1245414?lang=ru