Дебиторлық берешек туралы
10.07.2026 21:58:24 263
Егер салық төлеуші (салық агенті) мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғаннан кейін өзінің банктік шоттарындағы қаражат есебінен шекті мөлшерден асатын салық берешегін өтемесе, берешекті өндіріп алу оның дебиторларының банктік шоттарындағы ақшаға қолданылуы мүмкін.
Дебитор – салық төлеушінің (салық агентінің) алдында берешегі бар жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент.
Дебиторларды анықтау үшін салық органы ақпараттық жүйелердің деректерін пайдаланады, сондай-ақ салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды растау мақсатында салықтық тексерулер жүргізуге құқылы.
Дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін дебитор өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін немесе берешек сомасын растайтын өзге де құжаттарды ұсынуы тиіс.
Хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, салық органы дебиторға қатысты салықтық тексеру жүргізіп, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығаруға құқылы.
Дебиторлық берешек салыстырып тексеру актісімен, салықтық тексеру актісімен немесе заңды күшіне енген сот шешімімен расталған жағдайда, салық органы дебитордың банктік шоттарына инкассолық өкімдер шығарады. Өндіріп алу расталған дебиторлық берешек пен салық берешегі сомасы шегінде жүзеге асырылады.
Салық берешегі өтелгеннен кейін инкассолық өкімдер кері қайтарылады. Егер дебитордың шоттарынан артық қаражат есептен шығарылса, артық сома өтінішсіз-ақ сол шотқа қайтарылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1245453?lang=ru