Әдеп жөніндегі уәкілдің жаңа мамандарды бейімдеуге қатысуы
11.07.2026 04:56:38 231
Ағымдағы жылдың 22 маусымында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл о. Бочарникова Мемлекеттік қызметке алғаш кірген мамандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптарды, оның ішінде Әдеп кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын түсіндірді, сондай-ақ корпоративтік мәдениет негіздерімен таныстырды.
Мұндай кездесулер мамандардың тез бейімделуіне ықпал етеді және қызметтің басында мүмкін болатын құқықтық және этикалық қателіктердің алдын алуға көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1245917?lang=ru