Түрген көпірі үш ай ішінде қайта салынады
22.07.2026 20:56:13 298Бірнеше апта бұрын толассыз жауған нөсір салдарынан Түрген суы арнасынан тасып, өзен арқылы өтетін көпір шайылып кетті. Бұл нысан 2024 жылы апатты деп танылған. Қазіргі таңда жауапты мердігер анықталып, көпір қайта қалпына келтірілуде. Құрылыс үш ай ішінде аяқталады деп жоспарланған. Бүгін Марат Сұлтанғазиев нысанға арнайы барып, құрылыс барысын тексерді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда мұнда 4 техника жұмыс істеп тұр. 10-нан астам қызметкер еңбек етуде. Көпір құрылысы бір апта бұрын басталған. Демонтаждау жұмысы толық аяқталып, бұрғылау шарасына дайындық жүргізілуде. Мердігердің айтуынша, қараша айында жұмыс толығымен аяқталады.
«Бұл көпір – тұрғындар мен туристер үшін маңызды нысан. Сондықтан жұмыс сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше мән берілуі керек. Құрылыс барысында барлық техникалық талап қатаң сақталуы тиіс», – деді аймақ басшысы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1262177?lang=ru