Қазақстан СІМ басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
24.07.2026 17:55:10 193Чолпон-Ата, 2026 жылғы 23 шілде - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Кошербаев Қытай Компартиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И, Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхак Дар және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен екіжақты кездесулер өткізді.
Кездесулердің күн тәртібі стратегиялық серіктестікті нығайту мен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуден бастап өзекті халықаралық мәселелер бойынша тәсілдерді үйлестіруге дейінгі екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін қамтыды.
Ван Имен өткізілген келіссөздер барысында ерекше назар осы жылдың 15-17 шілдесінде Қытай Халық Республикасында (Шанхай қаласына) Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға Мемлекет басшысының жасаған жұмыс сапарының қорытындыларына, сондай-ақ жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға аударылды.
Мұхаммад Исхак Дармен кездесуде тараптар белсенді саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың серпінді дамуын оң бағалады. Бірлескен жобаларды іске асыруға, көлік-логистикалық байланысты дамытуға және өзара тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту мақсатына ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған Халықаралық су ұйымын құру бастамасын қолдағаны үшін Пәкістанға алғысын білдірді.
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен әңгіме барысында сыртқы саясат ведомстволарының басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Жоғары және биік деңгейдегі сапарлардың қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аударылды.
Тараптар сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, ИЫҰ және АӨСШК шеңберінде одан әрі ынтымақтасуға, сондай-ақ халықаралық бастамаларды өзара қолдауға дайын екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1263470?lang=ru