2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді

2026 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді

28.07.2026 12:26:14 261

2026 жылы Қазақстанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Осы мақсаттарға 1,1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша 759 млрд теңге құрылыс жұмыстарына қаржыландырылды. Ал 379 млрд теңге бойынша ЕРС-мердігері айқындалған жобалар шеңберінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, отандық тауар өндірушілерден материалдар сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылы сондай-ақ 8 кәсіпорынды инфрақұрылымның аса жоғары тозу аймағынан тозу деңгейі орташа санатқа шығару жоспарланған.

2025 жылы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қаржыландыру көлемі 547 млрд теңге болатын 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделді. Бұдан бөлек, 8 кәсіпорын тәуекелі жоғары «қызыл» аймақтан шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1264596?lang=ru