Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытайдың Қазақстандағы Елшісімен кездесті
04.08.2026 13:46:44 165Астана, 2026 жылғы 4 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.
Келіссөздер барысында тараптар қазақ-қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы өзекті мәселерін талқылап, оны одан әрі дамыту келешектері туралы пікір алмасты.
Кездесу барысында тараптар биылғы жылы биік және жоғары деңгейде өткен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, биыл өтетін іс-шаралар мен сапарлардың кестесі талқыланды және жоғары халықаралық пен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1268360?lang=ru