2025 жылғы 18 шілде: Маңғыстауда «Жылы жағажай» курорттық аймағының туристік әлеуеті артып келеді

2025 жылғы 18 шілде: Маңғыстауда «Жылы жағажай» курорттық аймағының туристік әлеуеті артып келеді

05.08.2026 16:45:35 207

Маңғыстау облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері өңірге 70 мыңға жуық турист келген, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Соңғы жылдары демалушылар арасында «Жылы жағажай» курорттық аймағына деген қызығушылық айтарлықтай артқан. Қазіргі таңда облыста 33 демалыс орны жұмыс істейді. Оның ішінде 20-сы Ақтау қаласында, 2-і Жаңаөзенде, 1-і Мұнайлы ауданында, 6-уы Қарақия ауданында және 4-еуі Түпқараған ауданында орналасқан.

Туризм басқармасының мәліметінше, туристер арасында Zhagalau Resort, Rixos Water World Aktau, Tree of Life және Omir Glamping демалыс орындары ерекше сұранысқа ие. Бұл нысандар жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуімен және туристік инфрақұрылымымен ерекшеленеді.

Ираннан келген турист Пәриназ Фарджанидің айтуынша, Ақтау туралы әлеуметтік желілерден көрген бейнероликтерден кейін бірнеше отбасымен бірге өңірге саяхаттауға шешім қабылдаған.

«Ақтау туралы бейнероликтерді көріп, табиғатына тәнті болдық. Мұнда келіп демалғанымызға өте қуаныштымыз. Қызмет көрсету сапасы жоғары, ал "Жылы жағажай" курорттық аймағы күткенімізден де асып түсті», – деді Пәриназ Фарджани.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1269223?lang=ru