«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы» Заңының орындалуы бойынша брифинг өтті.

«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы» Заңының орындалуы бойынша брифинг өтті.

05.08.2026 17:06:22 187

2026 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы ІІМ-де ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Нияз Қанатұлы Рыспаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы» Заңының орындалуы бойынша брифинг өтті.
Брифинг барысында Нияз Қанатұлы Рыспаев бүгінгі таңда соттарға рақымшылықты қолдану туралы 10 мыңға жуық материал жолданғанын айтты.
Оның ішінде 4 400-ге жуығы ҚАЖ мекемелерімен, ал 6 900-ден астамы пробация қызметтерімен дайындалған. Қазіргі уақытта 1 мыңнан астам материал қаралып, нәтижесінде 620 адам босатылды, 724 азамат жазасын өтеуден босатылып, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар ол рақымшылықтың заңда көзделген барлық санаттарға бірдей қолданылмайтынын атап өтті. Заңға сәйкес рақымшылық сыбайлас жемқорлық, экстремистік және террористік қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар, азаптау және қауіпті, аса қауіпті қайталанған қылмыстар үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
Рақымшылық туралы заңның орындалуы Қазақстан Республикасы ІІМ мен ҚАЖ комитетінің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1269259?lang=ru