Қазақстан Елшісі «Тобыл» футбол клубымен Белградтағы «Партизанға» қарсы матч қарсаңында кездесті

Қазақстан Елшісі «Тобыл» футбол клубымен Белградтағы «Партизанға» қарсы матч қарсаңында кездесті

05.08.2026 20:56:47 172

Белград, 2026 жылғы 5 тамыз – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Иманбаев УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Партизан» клубына қарсы өтетін матчқа қатысу үшін Белградқа келген Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының басшылығымен және өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Елші команданы халықаралық аренаға шығуымен құттықтап, футболшыларға, жаттықтырушылар штабына және клуб басшылығына алдағы кездесуде спорттық табыс пен сәтті ойын тіледі.

Өз кезегінде «Тобыл» ФК өкілдері қолдау үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық өкілдіктің назары маңызды матч қарсаңында командаға қосымша жігер беретінін атап өтті.

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы мен Белградтың «Партизан» футбол клубы арасындағы матч 2026 жылғы 6 тамызда Сербия астанасы Белградта өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1269531?lang=ru