Қазақстан мен Сауд Арабиясы көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
07.08.2026 08:10:39 250
Рияд, 2026 жылғы 6 тамыз – Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Корольдіктің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдуррахман Әл-Рассимен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар достық пен өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген қазақ-сауд қатынастарының оң даму серпінін атап өтті.
Қазақстан мен Сауд Арабиясының халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылына, атап айтқанда, көпжақты алаңдарда ұстанымдарды үйлестіруге және екі елдің бастамаларын өзара қолдауға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың кестесін қарастырып, оларды нақты уағдаластықтармен және практикалық нәтижелермен толықтырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді әрі сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1270207?lang=ru