39-шы жазғы облыстық Спартакиада мәресіне жетті

39-шы жазғы облыстық Спартакиада мәресіне жетті

10.08.2026 13:06:09 163

Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында 39-шы жазғы облыстық Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорт додасының алауы 20 жылдан кейін қайтадан Арқалықта жағылды. Бүгінде Арқалықтың жаңа тынысы ашылып, қала қайта түлеп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Арқалық пен бүкіл Торғай өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Сондықтан облыста бұқаралық спортты дамытуға және спорт инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше мән берілуде.

«Соңғы 3 жылда облыста 30-дан астам спорт нысаны салынды. Оның ішінде 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 2 стадион, 6 жабық хоккей корты, ат манежі мен бассейн бар. Қазір тағы 7 спорт нысанының жобасы іске асырылуда. Аулаларда 47 спорт алаңы салынды», деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Арқалықта өткен жылы күрес залы, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, «Қазақстан» спорт кешені пайдалануға беріліп, «Жігер» стадионы жаңғыртылды. Қазір қалада жабық хоккей корты мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектеп және студенттер лигалары тұрақты өткізіледі. Көптеген спортшыларымыздың үлкен жетістіктерге бастар жолы дәл осындай аудандық және облыстық жарыстардан басталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1271398?lang=ru