Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Палестина Елшісімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Палестина Елшісімен кездесті

11.08.2026 14:06:11 349

Астана, 2026 жылғы 11 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Палестина Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі, дипломатиялық корпус дуайені Монтасер Абу Зейдпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Палестина ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастардың қарқынын және оларды одан әрі дамытуға деген өзара мүдделілікті атап өтті. Саяси, гуманитарлық және өзара қызығушылық тудыратын өзге де салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде мазмұнды пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды тиімді ілгерілетуге бағытталған тұрақты әрі сенімді диалогты жалғастыруға бейілділігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1272221?lang=ru