Қазақстанда ОДМ мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен жүйелі диалог қалыптасуда

Қазақстанда ОДМ мәселелері бойынша азаматтық қоғаммен жүйелі диалог қалыптасуда

13.08.2026 19:46:17 163

12 тамызда Астана қаласында Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі Үйлестіру кеңесі аясында мемлекет, азаматтық қоғам және даму жөніндегі әріптестердің қатысуымен өзара іс-қимылды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара азаматтық қоғам ұйымдарының ОДМ-дыіске асырудағы, мониторингі мен локализациялаурөліне арналды. Оған мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, «ЭЗИ» АҚ Басқарма төрағасы Біржан Бәткеев және «Атамекен» ҰКП жанындағы Орнықты даму жөніндегі кеңестің төрайымы Юлия Якупбаева сәлемдесу сөз сөйледі.

Арман Қасенов ОДМ-ды ілгерілетудегі азаматтық қоғамның ерекше рөлін атап өтті.

«Азаматтық қоғам институттарына ерекше рөл тиесілі. Олар мемлекеттің маңызды серіктестері ретінде орнықты даму мәселелерін ілгерілетуге белсенді қатысады және азаматтардың мүдделерін білдіреді», – деді вице-министр.

Ол сондай-ақ БҰҰ Волонтерлер бағдарламасының деректеріне сәйкес, 2025 жылы Орнықты даму жөніндегі Ерікті ұлттық шолуларын ұсынған 37 елдіңарасында тек 14-і ғана, оның ішінде Қазақстанның волонтерлік қызметті мемлекеттік саясат пен даму стратегияларында ескергенін хабарлады.

Бірінші сессия барысында Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саланы, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова Қазақстанның ұлттық архитектурасы мен ОДМ-ге қол жеткізудегі прогресін таныстырды.

«Министрлік азаматтық қоғаммен, халықаралық ұйымдармен және тәуелсіз сарапшылармен ынтымақтастықты жүйелі түрде нығайтып келеді. Барлық мүдделі тараптардың өкілдері ұлттық басымдықтарды талқылауға, ОДМ мониторингіне және Орнықты даму жөніндегі Ерікті ұлттық шолуларды дайындауға тартылады», – деп атап өтті ол.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы одан әрі өзара іс-қимылдың практикалық тетіктерін, оның ішінде ҮЕҰ-лардың саясат қалыптастыруға, ОДМ-ге қол жеткізу мониторингіне және кері байланыс жинауға неғұрлым жүйелі түрде қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, олар ОДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесі аясындағы одан әрі құрылымдалған диалогтың негізіне айналады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1273999?lang=ru