Қазақстан Сыртқы істер министрі орынбасарының Израиль Елшісімен кездесуі
14.08.2026 10:36:04 187
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасып, екіжақты саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың кеңейту жолдарын талқылады.
Сонымен бірге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері қарастырылып, алдағы жоспарланған іс-шаралар кестесі келісілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1274144?lang=ru