Самар ауданында Омарташылар күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Самар ауданында Омарташылар күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

14.08.2026 14:57:33 529
Самар ауданындағы Абай алаңында Омарташылар күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде барлығы 25 бас ауыл шаруашылығы жануары ұсынылды: 16 қой, 7 сиыр және 2 жылқы.
 
Сонымен қатар аудан тұрғындарына 800 келі көкөніс, 2400 дана жұмыртқа, 600 келі балық және 1300 келі бал сатылымға шығарылды. Жәрмеңкеде сүт өнімдері мен күнбағыс майы да ұсынылды.
 
Іс-шара барысында аудан омарташыларына ерекше құрмет көрсетілді. Самар ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев аудан әкімі Серік Жеңісовтің атынан омарта шаруашылығында еңбек етіп жүрген омарташыларға Алғыс хаттар табыстады.
 
Жәрмеңке жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдерін тұрғындарға ұсынуға, сондай-ақ ауданда өндірілетін сапалы өнімдерді кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1274334?lang=ru