Алматы облысында электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді
14.08.2026 20:56:47 150
Апаттық ажырату салдарынан электр энергиясы өшірілген облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы тұтынушылар 19:30-дағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау жүйесіне толық қосылып, электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді.
Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Балқаш, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Қарасай, Ұйғыр, Райымбек және Кеген аудандарында электр энергиясын беру штаттық режимде жүргізілуде.
Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген уақыт ішінде барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері және режимдік-стратегиялық нысандар резервтік электр қуаты көздерімен қамтамасыз етіліп, үздіксіз әрі штаттық режимде жұмыс істеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1274640?lang=ru