Бейрезиденттің алынған аванстар (алдын ала төлемдер) бойынша кірісін тану тәртібі туралы

Бейрезиденттің алынған аванстар (алдын ала төлемдер) бойынша кірісін тану тәртібі туралы

17.08.2026 14:25:35 456

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бейрезиденттің алынған аванстар (алдын ала төлемдер) бойынша міндеттемелерін кіріс ретінде тану мерзімдерін қолдану тәртібін түсіндіреді.

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық заңнамасына сәйкес бейрезиденттің алынған аванс (алдын ала төлем) бойынша, аванс төленген күннен бастап 24 ай ішінде орындалмаған міндеттемелері Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірісі болып танылды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексі 679-бабының 1-тармағымен көрсетілген мерзім 24 айдан 12 айға дейін қысқартылды.

Осылайша:

  • бейрезидентке 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін төленген аванстарға (алдын ала төлемдерге) қатысты аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап 24 айлық мерзім қолданылады;
  • бейрезидентке 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген аванстарға (алдын ала төлемдерге) қатысты аванс (алдын ала төлем) төленген күннен бастап 12 айлық мерзім қолданылады.

Тиісінше, егер бейрезидент алынған аванс бойынша міндеттемелерді белгіленген мерзім ішінде орындамаса, мұндай орындалмаған міндеттемелердің сомасы салық заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған бейрезиденттің кірісі болып танылады.

Мысал. Егер бейрезидентке аванс 2025 жылғы шілдеде төленген болса, кірісті тану мақсатында 24 айлық мерзім қолданылады. Егер аванс 2026 жылғы шілдеде төленсе, 12 айлық мерзім қолданылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің назарын қолданылатын мерзімді айқындау кезінде аванстың (алдын ала төлемнің) төленген күнін ескеру қажеттілігіне аударады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1275090?lang=ru