Көгалдандыру жұмыстары
21.08.2026 14:17:10 500
Ауыл әкімі Қадырбек Құдабайұлы көгалдандыру жұмыстары есебінен жүргізіліп жатырған жұмыстармен танысты.
Осы жылғы көгалдандыру жұмыстарына 3- дана су сақтайтын резервуар және құбыр тарту жұмыстары қарастырылған болатын.
Қазіргі таңда, су сақтайтын резервуарлардың құрылысы толықтай аяқталып, құбырларын жүргізу және су айдау насостарын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар ауыл аумағын көгалдандыруды одан әрі дамытуға және жасыл желектерді тұрақты суаруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1277985?lang=ru